Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

«Ғажайып Жаңа жыл» атты жаңа жылдық мерекелік іс-шаралар өз деңгейінде ұйымдастырылып,

ерекше көңіл күй сыйлады.

«Жаңа жыл – шаттық пен қуаныш мерекесі»

Мақсаты:

Оқушыларға жаңа жыл мерекесінің мәні мен маңызын түсіндіру, балғын бүлдіршіндердің

жүрегіне қуаныш ұялату, шығармашылық қабілеттерін дамыту, сахна мәдениетін қалыптастыру,

достыққа,

бірлікке және ізгілікке тәрбиелеу.

Мерекелік кеш барысында мектеп залы ертегі әлеміндей безендіріліп,

Аяз ата мен Ақшақар,

ертегі кейіпкерлері,

әсем әндер мен көңілді билер,

тақпақтар мен қойылымдар

балалардың шынайы күлкісі мен шаттыққа толы сәттеріне ұласты.

Оқушылар белсенділік танытып, өнерлерін ортаға салды. Әрбір бала жаңа жылдық мерекенің

шынайы атмосферасын сезініп,

ұмытылмас әсер алды.

Қорытынды:

Аталған іс-шара өз мақсатына толық жетіп, оқушыларға қуаныш

пен жылулық сыйлаған жарқын мерекеге айналды. Осындай тағылымды да тәрбиелік мәні зор шаралар балалардың

мектепке деген сүйіспеншілігін арттыра түсері сөзсіз.