Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Жаңалықтар

Байқауға екі оқушы қатысып,өте жақсы нәтиже көрсетіп аудандық кезеңге жолдама алды. Аудандық байқауға қатысатын әрбір оқушыға сәттілік тілей отырып, оқушыларымыздың ғылыми жолға қадам басуына бағыт-бағдар беріп отырған ұстаздарға алғысымды білдіреміз.

Толығырақ

Тақырыбы: "Бірге — бір мақсатқа!" (мектеп+оқушы+ата-ана) Мақсаты: Ата-ана,бала және мектеп арасындағы сенімді байланысты нығайтып,бірлесіп баланың жарқын болашағын құру. Сыныбы: 8 Жетекшісі: Д.Мусина

Толығырақ

Тақырыбы: Адал азамат —жарқын қоғамның негізі Мақсаты: Отбасы мен мектептің серіктестігін нығайта отырып, адал, жауапты, саналы азамат тәрбиелеудің ортақ бағытты айқындау. Сыныбы: 5 Жетекшісі: А.Мұратқалиева

Толығырақ

Тазалық жұмыстарына округке қарасты мекеме қызметкерлері мен ауыл тұрғындары белсене қатысып, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға өз үлестерін қосты. Сенбілікке 30 адам және 1 трактор тіркемесімен қатысып, белгіленген аумақтарда тазалық жұмыстары жүргізілді. Туған жердің тазалығы – баршамызға ортақ жауапкершілік. Таза ауыл – таза орта, таза орта – жарқын болашақтың кепілі!

Толығырақ

Жиналысқа Тайсойған ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторы Е.Жұмагереев, мектеп директоры С.Урбисинов, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д. Шаңова, ұлдар ұйымының жетекшісі А.Ғатауов,мектеп медбикесі А.Сағидоллақызы және сынып жетекшілер қатысты. Жиналыс барысында: мектептің ішкі тәртіп ережелері; беймезгіл уақытта көшеде жүрмеу; әлімжеттік көрсетпеу және буллингке жол бермеу; интернет желісіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау мопед және басқада көлік түрлерін […]

Толығырақ

“Ғ.Сланов атындағы орта мектеп”КММ 2026–2027 оқу жылына арналған Қыздар клубының алғашқы жиналысы ұйымдастырылды. Жиын барысында төмендегідей маңызды мәселелер қаралды: Қыздар клубының 2026–2027 оқу жылына арналған жұмыс жоспары таныстырылып, бекітілді; Мектептің ішкі тәртіп ережелері мен мектеп формасын сақтау мәселесі түсіндірілді; Әдептілік, инабаттылық, қыз баланың мәдениеті және өзін-өзі құрметтеудің маңызы айтылды; Интернет қауіпсіздігі және әлеуметтік желілердегі жауапкершілік […]

Толығырақ

Мақсаты: Оқушыларды кітап арқылы түрлі мамандықтармен таныстыру, еңбекке қызығушылығын арттыру және болашақ мамандығын таңдауға бағыт беру. Ұйымдастырушы: Кәсіптік бағдар берушілер.

Толығырақ

“Саламатты мектеп” жобасы аясында білім алушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, зиянды әдеттердің алдын алу және олардың денсаулығына жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру мақсатында мектепте «Мектептерде никотин мен темекіге жол жоқ!» тақырыбында түсіндіру жұмыстары, диктант, волейболдан сыныпаралық жарыс өтікізілді. Іс-шара барысында білім алушыларға никотин өнімдері мен темекі тұтынудың адам денсаулығына кері әсері, зиянды әдеттердің алдын алу […]

Толығырақ

7 қыркүйек күні барлық сыныптарында Отбасы күніне орай бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Отбасы – адам өміріндегі ең қымбат құндылық, мейірім мен сүйіспеншіліктің, сыйластық пен татулықтың алтын бесігі. Осы орайда ұйымдастырылған тәрбиелік сағаттардың басты мақсаты – оқушыларға отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-анаға деген құрметті арттыру, отбасы мүшелері арасындағы өзара түсіністік пен жауапкершілікті қалыптастыру болды. Бірыңғай сынып сағаттары […]

Толығырақ

Балаға көрсетілген әрбір қолдау – оның болашағына жасалған маңызды қадам. Ал бұл жолда отбасы мен мектептің бірлігі ерекше мәнге ие. Терапияның негізгі мақсаты – ата-аналарға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету, балаға қажетті көмекті бірлесе ұйымдастыру және ата-ана мен мектеп арасындағы өзара сенім мен ынтымақтастықты нығайту. Кездесуді ұйымдастырған: мектеп психологы А.Қазмағанбетова мен әлеуметтік педагог А.Омар

Толығырақ