Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Қазіргі таңда жасөспірімдер құмар ойындар, фишингтік сілтемелер, телефон арқылы алдау, қаржылық пирамидалар мен дропперлік қызмет сияқты көптеген қауіпті жағдайларға тап болуы мүмкін. Осындай тәуекелдерді алдын ала тануға, қаржылық қауіпсіздік туралы түсінікті арттыруға бұл ойын үлкен мүмкіндік береді.

Сабақ барысында оқушылар мини-тапсырмаларды орындап, виртуалды қаржыны басқарды және қаржылық қауіпсіздікке қатысты түрлі сұрақтарға жауап берді.

10-11-сынып оқушылары ойынның өте қызықты әрі пайдалы болғанын атап өтті. Олар маңызды білім болмаған жағдайда кез келген адамның алаяқтардың құрбаны болу қаупі жоғары екенін түсінді. Енді алған білімдерінің арқасында өздерін және жақындарын қорғау жолдарын жақсы меңгерді.