7 қыркүйек күні барлық сыныптарында Отбасы күніне орай бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.
Отбасы – адам өміріндегі ең қымбат құндылық, мейірім мен сүйіспеншіліктің, сыйластық пен татулықтың алтын бесігі. Осы орайда ұйымдастырылған тәрбиелік сағаттардың басты мақсаты – оқушыларға отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-анаға деген құрметті арттыру, отбасы мүшелері арасындағы өзара түсіністік пен жауапкершілікті қалыптастыру болды.
Бірыңғай сынып сағаттары жас ерекшеліктеріне сәйкес төмендегідей тақырыптарда ұйымдастырылды:
1–4 сыныптар:
«Менің бақытты отбасым»
5–8 сыныптар:
«Отбасындағы сыйластық – бақыттың бастауы»
9–11 сыныптар:
«Бақытты отбасы: түсіністік, жауапкершілік және қолдау»
Сынып сағаттары барысында оқушылар отбасы туралы өз ойларын ортаға салып, ата-ананың қадірі, отбасы мүшелерінің бір-біріне деген қамқорлығы мен сыйластығы туралы пікір алмасты. Танымдық тапсырмалар орындалып, тәрбиелік мәні зор әңгімелер мен шығармашылық жұмыстар ұйымдастырылды.
Отбасы – қоғамның негізі, ал берекелі отбасы – ел болашағының кепілі. Осындай тәрбиелік шаралар арқылы жас ұрпақтың бойына ұлттық және отбасылық құндылықтарды сіңіру – басты міндеттердің бірі.
Қосарал орта мектебі ұжымы баршаңызды Отбасы күнімен құттықтай отырып, әр шаңыраққа амандық, татулық, береке және бақыт тілейді!




