Жаңалықтар
“Қыста оқы, ойлан, Арманда!” «БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫ» ЖОБАСЫ Мектеп кітапханашысы С.Қойшыбаева мен 2 сынып жетекшісі Н.Борангалиева қысқы демалыс уақытында оқушыларды кітап оқуға шақырып, бірқатар қызықты кітаптарды оқуға кеңес берді. Оқушылардың қысқы демалысын тиімді өткізу, кітап оқуға дағдыландыру, оқу мәдениетін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында мектеп оқушылары кітап оқып, оқырмандарға оқыған кітаптарының мазмұнын таныстырды
Аудандық білім бөлімінің 31.12.2025 жыл күнгі №1951 хатына сай, қысқы демалыс кезінде бала қауіпсіздігінің алдын -алу мақсатына жасақталған іс -шаралар жоспарына сай, 6 сынып оқушылары «МЕНІҢ ҚЫСҚЫ ДЕМАЛЫСЫМ» тақырыбында қысқы демалыс уақытында айналысқан жұмыстарымен бөлісті. Жетекшісі: Гауһар Лұқпанова
Сынып сағаты тақырыбы: Құқық -әділет пен парасат жолы сынып сағаты Мақсаты: Моральдық нормалар мен мінез -құлық ережелерді білу. Оқушылардың адам құқығы,оның ішінде бала құқығы жөнінде түсінігін нығайту 3 сынып жетекшісі: Елеубаева Оңайгүл
Аудандық білім бөлімінің 31.12.2025 жыл күнгі №1951 хатына сай, қысқы демалыс кезінде бала қауіпсіздігінің алдын -алу мақсатына жасақталған іс -шаралар жоспарына сай, 3 сынып оқушылары жетекшісі О.Елеубаевамен бірге «МЕНІҢ ӨЛКЕМ ҚЫСТА» ауылдың көрікті жерлеріне танымдық серуен жасады
Аудандық білім бөлімінің 31.12.2025 жыл күнгі №1951 хатына сай, қысқы демалыс кезінде бала қауіпсіздігінің алдын -алу мақсатына жасақталған іс -шаралар жоспарына сай, «Интернетсіз бір күн» цифрлық үзіліс жасап, телефон, гаджеттерді өшіріп, біраз оқушылар кітап оқығандарымен бөлісті.
«Ғажайып Жаңа жыл» атты жаңа жылдық мерекелік іс-шаралар өз деңгейінде ұйымдастырылып, ерекше көңіл күй сыйлады. «Жаңа жыл – шаттық пен қуаныш мерекесі» Мақсаты: Оқушыларға жаңа жыл мерекесінің мәні мен маңызын түсіндіру, балғын бүлдіршіндердің жүрегіне қуаныш ұялату, шығармашылық қабілеттерін дамыту, сахна мәдениетін қалыптастыру, достыққа, бірлікке және ізгілікке тәрбиелеу. Мерекелік кеш барысында мектеп залы ертегі әлеміндей безендіріліп, Аяз ата мен Ақшақар, ертегі кейіпкерлері, әсем әндер мен көңілді билер, тақпақтар мен қойылымдар балалардың шынайы күлкісі мен шаттыққа толы сәттеріне ұласты. Оқушылар белсенділік танытып, өнерлерін ортаға салды. Әрбір бала жаңа жылдық мерекенің шынайы атмосферасын сезініп, ұмытылмас әсер алды. Қорытынды: Аталған іс-шара өз мақсатына толық жетіп, оқушыларға қуаныш пен жылулық сыйлаған жарқын мерекеге айналды. Осындай тағылымды да тәрбиелік мәні зор шаралар балалардың мектепке деген сүйіспеншілігін арттыра түсері сөзсіз.
“Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру. Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту 8 сынып жетекшісі: Ахметова Ғайни
Аудандық білім бөлімінің 5.11.2025 жыл күнгі №1713 хат бойынша, қоғамда «Заң мен тәртіп» идеологиясын ақпараттық ілгерілету мақсатында қараша — желтоқсан айларына арналған іс -шара жоспарына сай Заң мен тәртіптің қоғамдағы рөлі туралы пікір алмасу мақсатында мектебімізідің дебат жетекшісі Жайғалиева Айгүлдің ұйымдастыруымен «Тәртіп – табыстың бастауы» тақырыбында пікірсайыс өткізілді.
Мақсаты: «Сыбайласжемқорлық»дегенұғымды түсіндіріп,пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру; Өзкззқарастарынбілдіру, дүние- танымдарын кеңейту; Өзмемлекетінежауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу; Қауіпсіздік сабағы:»Судағы қауіпті жағдайларды қалай тануға және судағы жазатайым оқиғалардың қалай алдын-алуға болады?» 7 сынып жетекшісі: Мусина ДинаЫ
Аудандық білім бөлімінің 9.01.2026 жыл күнгі №15 хат бойынша, бала қауіпсіздігі, құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталауын қамтасыз етуге және «Заң мен тәртіп» идеологиясын іргелету мақсатында облыс прокуратурасының әзірлеген «5 минут құндылық» жобасы бойынша пән мұғалімдері мен сынып жетекшілерге профилактикалық түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Жобада берілген тапсырмалар мен тақырыптар сынып сағаттары мен сабақтарда қолданылатын болады
