Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Мектебімізде 22 қаңтар күні «Ұрпағыңмен мың жаса» жобасы аясында «Әкелер патрулінің» кезекті шарасы түнгі ауыл рейді ұйымдастырылды. Рейд жұмысы түнгі сағат 22:00-ден басталып, әкелер қауымымен,құқық қорғау қызметкерлерімен, сонымен қатар жоғары сынып жетекшілерімен бірлесіп жүргізілді.

Рейд кезінде Тайсойған ауылында орналасқан дүкендер маңы мен ауыл көшелерінде бақылау жұмыстары жүргізілді. Тексеру барысында ешқандай құқық бұзушылық фактісі байқалмады. Рейд жұмысына әкелер белсене қатысты. Жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған әкелермен бірлескен жұмыс жалғасын таба бермек.