Ғ. Сланов атындағы орта мектепте 2025-2026 оқу жылының қорытындысына және мектеп бітіруші түлектердің құрметіне арналған “Білімім – Отаныма!” атты соңғы қоңырау салтанатты жиыны өтті.
Салтанатты шараға Кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі басшысы Бағдаров А.О, әдістемлік орталық меңгерушісінің орынбасары Жарылғағанов Қ М, Қызылқоға аудандық полиция бөлімінің кезекші бөлім бастағы, полиция подполковнигі Сариев Ф.С, ата-аналар мен зейнеткер ұстаздар қатысты.
Мерекелік жиында мектеп директоры С.Т. Урбисинов құттықтау сөз сөйлеп, мектеп түлектеріне ақ жол тіледі.
Оқу жылын үздік аяқтаған оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды. Сонымен қатар, шараға қатысқан қонақтар мен ата-аналар түлектерге жылы лебіздері мен ізгі тілектерін арнады.
Сондай-ақ, атындағы орта мектепті бітіргендеріне 20 жыл толған түлектер алтын ұя мектебіне арнайы келіп, жүрекжарды құттықтауларын жеткізді.
Соңғы қоңырау – түлектер үшін жаңа өмірге бастар жарқын қадам! Барша түлектерге сәттілік пен биік белестер тілейміз!


