Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

“Саламатты мектеп” жобасы аясында білім алушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, зиянды әдеттердің алдын алу және олардың денсаулығына жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру мақсатында мектепте «Мектептерде никотин мен темекіге жол жоқ!» тақырыбында түсіндіру жұмыстары, диктант, волейболдан сыныпаралық жарыс өтікізілді.

Іс-шара барысында білім алушыларға никотин өнімдері мен темекі тұтынудың адам денсаулығына кері әсері, зиянды әдеттердің алдын алу және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы туралы ақпарат берілді.

Сонымен қатар білім алушыларға мектеп қабырғасында және мектеп аумағында қауіпсіздік талаптарын сақтау, ішкі тәртіп ережелерін орындау, құқық бұзушылықтарға жол бермеу, өз денсаулығы мен айналасындағы адамдардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау жөнінде түсіндірілді.

Түсіндіру жұмыстары барысында «Заң және тәртіп» қағидаттарын сақтау, құқықтық сауаттылықты арттыру және зиянды әдеттерден аулақ болу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Мақсатымыз – білім алушылардың денсаулығын қорғау, салауатты өмір салтын қалыптастыру және қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету.