“Ғ.Сланов атындағы орта мектеп”КММ 2026–2027 оқу жылына арналған Қыздар клубының алғашқы жиналысы ұйымдастырылды.
Жиын барысында төмендегідей маңызды мәселелер қаралды:
- Қыздар клубының 2026–2027 оқу жылына арналған жұмыс жоспары таныстырылып, бекітілді;
- Мектептің ішкі тәртіп ережелері мен мектеп формасын сақтау мәселесі түсіндірілді;
- Әдептілік, инабаттылық, қыз баланың мәдениеті және өзін-өзі құрметтеудің маңызы айтылды;
- Интернет қауіпсіздігі және әлеуметтік желілердегі жауапкершілік жөнінде ақпарат берілді;
- Жеке бас гигиенасы, денсаулықты сақтау және салауатты өмір салты бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында қыздарға «Әдептілік – әдемілік бастауы, білімділік – болашақ кепілі» екені айтылып, өзара сыйластыққа, жауапкершілікке және жақсы қасиеттерді бойына сіңіруге шақырылды.
Іс-шараға директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, педагог-психолог, мектеп медбикесі және қыздар клубының жетекшісі, сынып жетекшілер қатынасты.



