Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Жиналысқа Тайсойған ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторы Е.Жұмагереев, мектеп директоры С.Урбисинов, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д. Шаңова, ұлдар ұйымының жетекшісі А.Ғатауов,мектеп медбикесі А.Сағидоллақызы және сынып жетекшілер қатысты.

Жиналыс барысында:

  • мектептің ішкі тәртіп ережелері;
  • беймезгіл уақытта көшеде жүрмеу;
  • әлімжеттік көрсетпеу және буллингке жол бермеу;
  • интернет желісіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау
  • мопед және басқада көлік түрлерін жүргізу мәселелері қаралды.

Кездесу барысында оқушыларға құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау, өзара сыйластық пен жауапкершілікті қалыптастыру жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар әлеуметтік желілерді қауіпсіз пайдалану, жеке мәліметтерді бөгде адамдарға таратпау және кибербуллингтен қорғану жолдары айтылды.

Жиналыстың негізгі мақсаты – ұл балалардың құқықтық сауаттылығын арттыру, теріс әрекеттердің алдын алу және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.