Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Тақырыбы:

«Бала тәрбиесі – ортақ міндет»

Мақсаты:

Ата-аналарды 2026–2027 оқу жылындағы мектептің тәрбие жұмысының негізгі бағыттарымен таныстыру, мектептің ішкі тәртіп ережелерін сақтау, баланың қауіпсіздігі мен құқықтық мәдениетін қалыптастыруда отбасы мен мектептің өзара жауапкершілігін күшейту.

ЖИНАЛЫСТЫҢ КҮН ТӘРТІБІ

1.2026–2027 оқу жылындағы тәрбие жұмысының негізгі бағыттары. «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы.

2.Мектептің ішкі тәртіп ережелерімен ата-аналарды таныстыру.

3.ҚР БҒМ 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығы. Мектеп формасына қойылатын талаптар.

4.Конституциялық құндылықтар және олардың бала тәрбиесіне ықпалы.

5.«Заң және тәртіп»: бала қауіпсіздігі, құқықтық мәдениет және ата-ананың жауапкершілігі.

6.«Таза Қазақстан»: тазалық мәдениеті, экологиялық жауапкершілік және отбасы тәрбиесі. Жеке бас гигиенасы.

7.Ата-ана мен мектептің бірлескен әрекеті. 2026–2027 оқу жылына ортақ міндеттер.