Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

“Ғ.Сланов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Білімім Отаныма» тақырыбында сынып сағаты өтті. Сынып сағаты барысында 1-4,5-9,10-11 сыныптарға «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы шеңберінде білім беру ұйымдарында оқушыларына арналған Оқушылардың Конституция туралы білімдерін тереңдету, құқықтық мәдениетін қалыптастыру, заң мен тәртіп қағидаттарын құрметтеуге тәрбиелеу және азаматтық жауапкершілігін арттыру мақсатында «Заң және тәртіп – халықтық Конституция құндылықтары» насихатталды.

Қазақстан Республикасында жүзеге асырылып жатқан реформалардың басты мақсаты – заң үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтық жауапкершілікті арттыру, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және Әділетті Қазақстан құндылықтарын орнықтыру.

Конституция – мемлекеттің негізгі заңы ғана емес, қоғамдағы заң мен тәртіптің, адам құқықтары мен бостандықтарының, қоғамдық келісім мен тұрақтылықтың негізгі кепілі. Сондықтан жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыру, Конституцияны құрметтеу мәдениетін қалыптастыру және азаматтық жауапкершілікті нығайту білім беру жүйесінің маңызды міндеттерінің бірі болып саналады.