18 наурыз — Ұлттық киім күні
Наурызнаманың онкүндігі аясында мектебімізіде «Ұлттық киім – ұлттың сәні» атты ұлттық киімдер көрсету сән шеруі өткізілді.
Ұлттық киім күні – ата-бабадан қалған мұраны ұлықтайтын ерекше күн. Бұл күні қазақ халқы ұлттық киім киіп, өз мәдениеті мен тарихына деген құрметін көрсетеді.
Ұлттық киім тек сән емес, ол – ұлттың болмысы мен рухын танытатын құндылық. Бұл мереке дәстүрді жаңғыртып, ұрпақ сабақтастығын нығайтуға үндейді.

