Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Наурызнаманың онкүндігі аясында мектебімізіде «Ұлттық ойын — ұлт қазынасы» тақырыбында асық атудан жарыс ұйымдастырылды.

Қазақтың ұлттық спорт ойындары – еліміздің мәдениетінде маңызды орын алатын дәстүрлі спорт түрлері. Олардың көпшілігі көшпелі халықтың өмірінен, тұрмысынан туындаған.

«Асық ату» — көшпелі халықтардың, әсіресе, қазақ ұлтының ежелгі кезден келе жатқан ойыны. Қазақ халқының ұлттық ойындары VII–IX ғасырларда қалыптасты.

Асық ату ойыны балаларды дос болуға, сыйласуға, бірін-бірі қадірлеуге, ұйымшылдыққа, тәртіпке үйретеді. Сонымен қатар көз мергендігіне, қол мергендігіне баулиды.