Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

«Қош келдің, әз Наурыз!»

Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз мерекесіне орай мектебімізде тағылымы мол, мазмұнды әрі тәрбиелік мәні зор мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында қазақ халқының салт-дәстүрлері кеңінен насихатталып, оқушылардың өнері көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Ән мен күй, би мен ұлттық дәстүр үйлесім тапқан бұл кеш көпшілікке ерекше әсер қалдырды.

Бұл – жас ұрпаққа өткен тарихты дәріптеп, тұлғатану бағытында үлкен рухани қазына болары сөзсіз.

Осындай тағылымды шара арқылы біз ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, жас буынның бойына салт-дәстүрге деген құрметті сіңіруді мақсат еттік.

Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Наурыз мерекесі әр шаңыраққа бақ-береке, ырыс-несібе әкелсін!