Илья Жақанұлы Жақановтың 90 жыл толуына орай мектебімізде оқушылар мен мұғалімдер арасында «Екі жұлдыз» байқауы ұйымдастырылды.
Илья Жақанұлы — қазақ жазушысы, композиторы, музыкатанушы, публицист, Қазақстанның Еңбек Ері (2022), Қазақстан және Қырғызстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері.
Байқауға жұп қатысып, өз өнерлерін ортаға салып, көрермендер ықыласына бөленді.
Халық компазитроының әні — мәңгілік. Илья Жақановтың әндерін әуелете орындаған жұптарымыз «Үздік дуэт», «Көрермен көзайымы», «Үздік вокал үйлесімі», «Сахналық образ»,»Жүрекке жылы дауыс» номинацияларымен марапатталды.


