Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Аудандық білім бөлімінің 24 қараша 2025 жыл күнгі №1792 хаты бойынша 25 қараша-10 желтоқсан аралығы «Гендерлік зорлық — зомбылыққа қарсы 16 күн белсенді әрекет» акциясына орай мектебімізде жоспар жасақталып, «Зорлық — зомбылықсыз балалық шақ» тақырыптарында 5-11 сыныптар арасында қабырға газеттері ілінді.

Мақсаты:
— оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту.

— Оқушыларға өз жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті тұлға болып өсуіне тәрбиелеу.